“Тағы алдады”: Перизат Қайраттың изоляторда соққыға жығылғаны өтірік болып шықты

“Тағы алдады”: Перизат Қайраттың изоляторда соққыға жығылғаны өтірік болып шықты
10.07.2025 11:46
0
246
Фото: Видеодан кадр

Сотта Перизат Қайрат журналистерге тергеу изоляторында қысым көргенін айтқан еді. Бірақ Астана қаласы полиция департаменті оның сөзін растамады, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Полиция департаменті әлеуметтік желіге видео жариялады.

Перизат Қайрат мекеме қызметкері камера есігін күштеп жапқан кезде қысылып қалғанын және жарақат алғанын айтып, арыз жазған. 

«Алғашқы тергеу әрекеттерінің нәтижесі бойынша Перизат Қайрат мәлімдегендей, камера есігін жабу кезінде мекеме қызметкерлерінің оған дене жарақатын келтіруі туралы сөздері расталмайды», — делінген полиция хабарламасында.

Перизат Қайраттың арызы бойынша тергеп-тексеру толық аяқталмады. Тергеу аясында мекеменің бейнебақылау камераларындағы жазбалар зерделеніп, қызметкерлер мен куәлардан жауап алынған. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий