Тағы бір АЭС Абай облысында салынады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында сөйлеген сөзінде тағы бір АЭС-тің Абай облысында салынуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Президент қазір жер қойнауын игерушілер өз табысының бір пайызын ғылымды дамытуға бөліп жатқанына мән берді. Сонымен қатар, президент бұл — салық еместігін, оны еліміздің технологиялық әлеуетін арттыруға үлес қосу деп түсіну керегін мәлімдеді.
«Үкімет осы қаражаттың бір орталықтан үнемді, тиімді әрі ашық жұмсалуын қамтамасыз етуге тиіс. Атом саласын зерттейтін ғылыми қалашықтар құруға ерекше назар аудару қажет. Алматыдағы Ядролық физика институтының базасында көп мақсатты зерттеу реакторын салу мүмкіндігін қарастырған жөн. Жалпы, институттың әлеуеті жоғары», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Тоқаев еліміздің жаңа ғылыми қалашығын осы мекеменің негізінде құруға болады деп есептейді. Сонымен қатар, ол мемлекеттің қаржылық мүмкіндіктерін ескеріп, құны бірнеше миллиард тұратын жобаларға шашылмау керегін ескертті.
«Абай облысында АЭС салу перспективасын ескере отырып, Курчатовтағы ғылыми қалашықтың егжей-тегжейлі жоспарын әзірлеу қажет. Аталған жұмысқа Ғылым академиясы, облыс әкімдігі және Ұлттық ядролық орталық атсалысқаны жөн. Онда инженерлік және өндірістік нысандарды орналастыру үшін жағдай жасау керек. Сонымен қатар ядролық инфрақұрылымды нығайту үшін мемлекет-жекеменшік серіктестігінің тиімді тетіктерін әзірлеу міндеті тұр», – деді мемлекет басшысы.
Соңғы жаңалықтар





