Тағы бір қазақ ақыны өмірден өтті

23.04.2026 16:20 Әсел Мұрат
Тағы бір қазақ ақыны өмірден өтті
507
Фото: Жазушылар одағы

Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Серікбай Әбілмәжін 42 жасқа қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлайды Politico.kz. 

Қаралы хабарды Қазақстан жазушылар одағының баспасөз қызметі жеткізді. 

Серікбай Әбілмәжін – қазақ поэзиясында өзіндік үні бар қаламгер. Ол 1984 жылы Қытай Халық Республикасының Алтай аймағында дүниеге келген. 2008 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың химия факультетін тәмамдаған. 

2015 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті филология бөлімінің магистратурасын бітірген. Бурабай ауданының мектептерінде мұғалім, Бурабай аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры, аудандық «Бурабай» газетінің редакторы болып қызмет атқарған. 

Өлеңдері «Сарыарқа самалы» ұжымдық жыр жинағына, «Жыр маржаны» атты қазақ поэзиясының он томдық антологиясына енген. 

2014 жылы «Хантәңірі» баспасынан «Үркертолғақ» атты жыр жинағы, 2021 жылы «Фолиант» баспасынан «Сарша тамыз» жыр жинағы жарық көрген.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий