Тағы бір танымал жазушы, драматург дүниеден өтті

Тағы бір танымал жазушы, драматург дүниеден өтті
22.04.2025 11:05
0
149
Фото: freepik.com

Танымал жазушы, драматург Әкім Тарази дүнеден өтті, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Әкім Тарази қазақ әдебиетінің классигі еді. 

«Қазақ әдебиетінің тағы бір алып бәйтерегі құлады... Классик қаламгер Әкім Тарази ағамыз бақиға бет бұрыпты..., - деп жазды ақын Мирас Асан.

Әкім Уртайұлы Әшімов (Әкім Тарази)  9 қыркүйек 1933 жылы Алматыда туған. Кеңестік және қазақстандық жазушы, драматург, сценарист. Қазақстанның Еңбек Ері (2021), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1999). Қазақстан Республикасының Әдебиет және өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Мемлекет басшысы жазушы, Қазақстанның Еңбек Ері Әкім Таразидің дүниеден өтуіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті жазушы, драматург, Қазақстанның Еңбек Ері Әкім Таразидің қайтыс болуына байланысты оның жұбайы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Роза Мұқанова мен балаларына көңіл айтты. 

«Әкім Тарази бүкіл саналы ғұмырын сөз өнеріне арнаған, төл әдебиетіміз бен мәдениетімізді төрге оздырған ұлтымыздың біртуар перзенті еді. Дарынды қаламгер қазақ прозасының көкжиегін кеңейтті, ұлттық кино және драматургия саласына өлшеусіз үлес қосты. Асыл мұратынан ешқашан айнымаған қалам иесін көзі қарақты оқырман «Әдебиет әлемінің Әкімі» деп ардақ тұтты, зиялы қауым оның шығармашылығымен қатар адамгершілік қасиеттерін ерекше бағалады. Өнегелі өмір сүріп, соңына мол мұра қалдырған Әкім Таразидің жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады», – делінген жеделхатта. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий