Таиландта жоғалып кеткен қазақстандық әнші ауруханадан табылды

22.06.2026 10:04 Әсел МҰРАТ
Таиландта жоғалып кеткен қазақстандық әнші ауруханадан табылды
288
Фото: видеодан скрин

Таиландта жоғалып кеткен Кисло-Сладкий лақап атымен танымал қазақстандық рэпер Дархан Жұмабекке қатысты тың дерек шықты, деп хабарлайды Politico.kz. 

Бейнебаян түсірілімі алдында байланысқа шықпай қалған әртіс жергілікті ауруханалардың бірінен табылды

Рэперді іздеу жұмыстарының аяқталғаны туралы Таиландта онымен бірге жұмыс істеп жүрген режиссер Парасат Ибраев әлеуметтік желіде мәлімдеді. Түсірілім тобы музыканттың медициналық мекемеде екенін жергілікті тұрғындардан білген.

Олар орындаушының өміріне қауіп төніп тұрмағанын айтып сендірді.

«Қазір ол дәрігерлердің бақылауында. Тағы бір тәулік сонда болып, ес жинап, ертең болған жайтты өзі айтып береді деп үміттенемін. Уайымдаған, көмектескен және іздеуге қатысқан әрбір жанға рақмет. Ең бастысы – адам табылды және қауіпсіз жерде», - деді.

Сондай-ақ олар аудиторияны жалған ақпаратқа сенбеуге және тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырды.

Ал әнші Бақыт Тұрман Таиландта жоғалған рэперді сынға алды.

«Ешқандай да жанашырлықты сұранбаңдар немене әрбір шеккен, ішкен ауруларға жанашырлық танытып, халықты алдағылары келеді. Тайландқа шегу үшін бармаса, басқа не үшін барады дейсің, осы ащы шындық! Одан да емдетіңдер, сол әрекеттеріңнің сауабын алыңдар сосын! Түрінен ақ көрініп тұр ғой сау адам емес екені, шешімі тек ем или келесіде уже өлім! » – деп жазды әнші.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық режиссер Парасат Ибраев Дархан Жұмабектің жоғалып кеткені туралы хабарлаған болатын.

Оның айтуынша, әртіс досымен бірге Таиландта саяхаттап жүрген. Ол Бангкоктан Пхукетке ұшып келуі керек еді, онда топ екі музыкалық бейнебаянның түсіріліміне дайындалып жатқан болатын. Алайда Дархан түсірілім алаңына келмеген, ал телефоны сөндірулі болған.

Войдите, чтобы оставить комментарий