Таиландта жоғалып кеткен әпкелі-інілі бауырлар өлі табылды
Таиландта 26 шілдеде із-түзсіз жоғалған 22 жастағы Диана Назимова мен оның 17 жастағы інісі Роман Назимовтың өлтірілгені белгілі болды, деп хабарлайды Politico.kz.
Жергілікті Thairat басылымының мәліметінше, құрықталған күдіктілер қылмысын мойындап, мәйіттерді жасыру үшін таулы аймаққа көміп тастағандарын айтқан. Тергеу деректеріне қарағанда, жергілікті қылмыстық топ жетекшілері Понг пен Тонг бойжеткенді ұрып өлтiрiп, ал інісін атып тастаған. Қылмысқа ағайындылардың Honda ADV 150 мотоциклін тартып алу ниеті себеп болғаны айтылуда.
Күдіктілердің ізіне түсуге дәл осы көлік құралы себеп болған. Чонбури провинциясындағы ескі зират маңында күдіктілерді байқаған тұрғынның хабарламасынан соң полиция жаңадан көмілген шұңқырдан бөлшектелген мотоциклді тапқан. Кейін құқық қорғау органдары қылмыскерлердің қашуына көмектесті деген күдікпен Хой және Пханг есімді азаматтарды ұстады.
SHOT Telegram-арнасының жазуынша, бұл отбасы Таиландқа бес жыл бұрын қоныс аударған. Жоғалар алдында бойжеткен анасына өзін біреудің аңдып жүргенін айтып, белгісіз Bluetooth құрылғысы туралды жазған. Таңғы сағат 04:26-да оның телефонынан «Urgent!» («Шұғыл!») деген соңғы хабарлама келіп, содан кейін байланыс үзілген.
Соңғы жаңалықтар