Тайфун: Жапония билігі 5,2 млн адамды шұғыл эвакуациялап жатыр
813
Жапонияда «Шаньшань» тайфуны салдарынан 4 адам қаза тапты, тағы біреуі хабар-ошарсыз кеткендер қатарында. Шамамен 90 адам зардап шеккен. Бұл туралы NHK арнасы хабарлады.
Сондай-ақ ол елде 200 мыңнан аса үй жарықсыз қалып, жүздеген әуе рейсі тоқтатылды, ірі зауыттар жабылды.
Билік қазір бүкіл ел бойынша 5,2 миллионнан аса адамды эвакуациялап жатыр. «Шаньшань» қазірдің өзінде аймақта тіркелген ең қуатты тайфундардың бірі аталады.
Ұлттық метеорологиялық агенттіктің мәліметі бойынша, апат аймағында соққан дауылдың жылдамдығы сағатына 180 шақырымға жетті. Синоптиктер алдағы бірнеше күнде «Шаншань» Кюсюде белсенділік танытады деп болжайды. Ал демалыс күндері орталық және шығыс аймақтарға, соның ішінде ел астанасы – Токиоға да жақындайды, - делінген хабарламада.Кюсюдің көптеген ауданында пойыздар, автобус және паром қызметтері тоқтатылды. «Шаньшань» – осы айда Жапонияны орап өткен екінші тайфун. Тамыз айының басында «Ампил» тайфуны бірқатар префектураны жарықсыз қалдырған болатын. Ол кезде де ондаған мың адам эвакуацияланды. Фото: видеодан скриншот
Соңғы жаңалықтар
21.05.2026
23:29
АҚШ азаматтығын алып беремін деп 896 млн теңге ...
21.05.2026
22:41
Қазақстанда ірі шетелдік инвестициялық жобалар ...
21.05.2026
22:28
Ресей Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан қазақ...
21.05.2026
21:39
Алматыда әскери колледж басшылығы Қайрат Сатыба...
21.05.2026
21:19
Алматыда қоқысты энергияға айналдыратын зауыт с...
21.05.2026
20:19
Тоқаевтың экс-баспасөз хатшысы жаңа лауазым алды