«Талдың түбіне көме салайық». 2 жастағы қызын өлтірген әйел туралы тың дерек шықты

04.10.2024
10:08
0
414
Алматы облысында 39 жастағы әйел баласын өлтірді деген күдікпен ұсталды. Көршілерінің айтуыншағ келіншек сал ауруымен ауыратын 2 жасар қызын соққыға жыққан. Содан соң қылмысын жасыру үшін мәйітті талдың түбіне көмуді ұсыныпты. Бұл туралы 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасы мәлімдеді.
Жантүршігерлік оқиға таңғы сағат 6-лар шамасында Боралдайда болған. Көршілердің айтуынша, әйел осы аймаққа 1-2 күн бұрын ғана көшіп келген екен. Сол түні 39 жастағы әйел баланың ұстамасы ұстады деп көршілерінен көмек сұрап барған көрінеді.
Анама түнде жүгіріп келіпті. Бірақ енді оған анам не істей алады? Содан кейін таңертең анама талдың қасына көме салайық деп айтыпты. Анам шошып қалды, ондайды естімеген. “Көме салайық” дегеннен кейін полиция келіп алып кетті, – деді Боралдай ауылының тұрғыны Диас Қанатов.Баласын өлтірді деп күдікке ілінген әйел жалдамалы пәтерлердің бірінде тұрған екен. Көшіп келгеніндеріне бірер күн ғана болғандықтан, көршілері жақсы танымаймыз деп отыр. Бірақ қайғылы оқиға болар күні күдікті әйелдің қызымен көшеде серуендеп жүргенін көргендер де бар.
Әжем олардың қыдырып жүргенін көрген, бірақ қыздың денесі көгеріп тұрды дейді. Ол екеуін күндіз көрген болса керек. Кешке оның мәйітін тапты. Басқа ештеңе білмейміз. Үйдің қожайынын білеміз. Осыған дейін олар тұрған, ал мына адамдарды танымаймыз, – деді тағы бір боралдайлық.Алматы облыстық полиция департаменті бала өлімі бойынша қылмыстық іс қозғаған. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайларын объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдіктінің тағы бір 10 жастағы қызы бар екен.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

12.04.2025
09:20
Дональд Трампқа Украинадағы қақтығысты тоқтатуд...

11.04.2025
21:01
Мирас пен Құралай қызын ұзатып, дүркіретіп той ...

11.04.2025
20:09
Ақботанұр КешYou-дан кету үшін ақша төлеуге мәж...

11.04.2025
19:35
Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкенттегі Оқушылар сарайы...

11.04.2025
18:34
Баян Алагөзова өсіп қалған қыздарын көрсетті

11.04.2025
18:18
Сәкен Майғазиев келіні туралы: "Әлеуметтік желі...