"Тамақтандыру міндетім емес" деген ер адам екі айлық сәбиін аштан өлтірді

23.09.2025 13:08
0
86
pexels.com

АҚШ-та 40 жастағы Кристофер Мэтьюз екі айлық ұлын әдейі тамақтандырмағанын мойындады. Оның айтуынша, баланы тамақтандыру «оның міндетіне кірмейді». Бұл туралы Mirror басылымы жазды.

Прокурордың мәліметінше, Мэтьюз тергеу барысында сәбиін ешқашан тамақтандырмағанын ашық айтқан. Сонымен қатар, ерлі-зайыпты баланы перзентханадан шыққаннан кейін бірде-бір рет дәрігерге көрсетпеген. Медициналық көмектің кешігіп жетуі және баланың қатты ашығуы салдарынан дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Сәбидің анасы — Ширли Мэтьюз де дәл осындай айыппен жауапқа тартылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол да баласын емізуден немесе тамақтандырудан саналы түрде бас тартқан.

Сот процесі кезінде судья Аманда Бэксли үкім шығара отырып, оқиғаға байланысты өкініш білдірді. Ол сол кезде қолданыста болған заңнамада қатаң жаза қарастырылмағанын айтып, қазіргі заңдар қатайтылғанымен, олар бұл іске кері күшін жүргізе алмайтынын атап өтті.

Бұл жағдай АҚШ-тағы балаларға жасалатын қатыгездікке байланысты резонанс тудырған істердің бірі ретінде аталып отыр.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий