Танымал актер көз жұмды

Францияның танымал театр және кино актері Жан-Поль Дюбуа 75 жасында өмірден өтті. Бұл туралы Sceneweb басылымы хабарлады.
Актерлік өнерге бар өмірін арнаған Дюбуа сахна мен экранда 40 жылдан астам уақыт бойы еңбек етіп, көрермендердің жүрегінен ерекше орын алды. Ол 60-тан астам фильм мен телехикаяға түскен. Олардың ішінде «Волчья пасть» (1999), «Қайғы мен сұлулық» (2015) сияқты туындылар кеңінен танылған.
Жан-Поль Дюбуа өзінің шығармашылық жолын 1970-жылдардың соңында театр сахнасында бастаған. Уақыт өте келе, ол кино саласында да үлкен табысқа жетіп, сыншылар мен көрермендердің жоғары бағасына ие болды. Актердің мансабындағы шарықтау сәті 2003 жылы жарық көрген «Фанфан-тюльпан» атты шытырман оқиғалы фильммен байланысты. Бұл картинада ол Венсан Перес пен Пенелопа Крус сынды әлемге әйгілі актерлермен бірге ойнаған болатын.
Дюбуа — француз актерлік мектебінің шынайы өкілі ретінде терең, шебер ойынымен есте қалды. Оның әр рөлі жан-тәнімен беріле ойнауы, көрерменмен байланыс орната білуі — оны ерекше актерлердің қатарына қосады. Франция өнері үшін орны бөлек тұлғаның өмірден өтуі — ел мәдениетінде орны толмас қаза.
Соңғы жаңалықтар





