Танымал актер өмірден озды

Танымал актер өмірден озды
12.05.2025 13:20
0
272
SHOT

Александр Миттаның әйгілі «Друг мой, Колька!..» фильмінде басты рөлдердің бірін сомдаған актер Александр Кобозев қайтыс болды,.деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Мәлімет бойынша, актердің өліміне жүректің тоқтауы себеп болған.

Оқиға алдында, күндізгі уақытта Мәскеудегі өз пәтерінде актердің денсаулығы күрт нашарлап, ол шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Алайда дәрігерлер оның өмірін аман алып қала алмады. Марқұмның туыстарының айтуынша, Александр Кобозев бірқатар созылмалы аурулардан зардап шеккен.

Александр Кобозев XX ғасырдың 60-жылдары Александр Митта режиссерлік еткен «Друг мой, Колька!..» фильмінде пионер-двоечник Колька Снегиревтің рөлін сомдап, кеңінен танымал болды. Кейінірек ол теледидар саласында еңбек еткен. Алайда бірнеше рет инфаркт алғаннан кейін, көпшілік алдында өнер көрсетуден бас тартқан.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий