Танымал актриса 20 жыл көрмеген ұлына іздеу салды

Танымал актриса 20 жыл көрмеген ұлына іздеу салды
15.05.2025 11:02
0
191
ашық дереккөзден

«Бөрте» спектаклі арқылы танымал болған актриса әрі опера әншісі Айя Шәріп өзінің өміріндегі ауыр кезеңді баяндады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Ол продюсер Баян Мақсатқызы ұйымдастырған «Алтын ханым» байқауына қатысуының басты себебі — ұлымен қауышу екенін жасырмады. 

Айя Шәріп 18 жасында тұрмысқа шыққанымен, күйеуімен қарым-қатынасы қиын болғанын айтты. Ол ресми түрде ажыраспай тұрып-ақ, бұрынғы күйеуі ұлын балабақшадан алып кетіп, кейін шетелге — АҚШ-қа алып кеткен. Содан бері актриса баласымен кездесе алмай жүр.

Жүрегімде жазылмаған жара, үзілмеген үміт бар. "Алтын ханым" байқауы арқылы 20 жыл бойы көрмеген баламды табуға үміттенемін. Балам бес жасқа толғанда, бұрынғы жұбайым оны Америкаға алып кеткен еді. Қазір Айбегім 25 жасқа толды, мен оны әлі де күтіп жүрмін. Әрбір орындаған әнім — жүрегімнің айғайы, әрбір сомдаған рөлім — жандүниемнің қайғысы. Бұл байқау мен үшін тек өнер сайысы емес, сонымен бірге соңғы үмітімнің оты. Жолдасыммен алты жыл бірге тұрдым, бұл жылдар мен үшін өте қиын кезең болды. Ара-қатынасымыз нашар еді. Әке-шешем мені алып кетіп, құтқарды. Күйеуіммен ресми түрде ажыраспай жатып, ол ұлымды балабақшадан алып, қашып кетті. Кейін сот шешімімен үлкен балам әкесімен қалған, ал кіші балам менімен бірге қалды, – дейді Айя Шәріп.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий