Танымал әнші Бүркіт кино түсіремін деп 160 мың долларынан айырылған

Атақты әнші әрі продюсер Айбек Жансейітов (Бүркіт) кино түсіруге бөлінген 160 мың доллар қаржысынан айырылғанын жариялады. Оның айтуынша, бұл шешім оған үлкен өмірлік сабақ болған.
Бір досым кино түсіруге көндірді. Мен бұл саладан хабарым жоқ екенін айттым. Ол кинематография саласының маманы болғандықтан, үйрет деп сұрадым. Ақшалай ұтылғаныма өкінбеймін, себебі бұл – мен үшін үлкен тәжірибе болды, – деді Бүркіт.
Әнші тек үшінші фильмінен пайда тапқанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл туынды үш адамнан құралған шағын топпен түсірілген.
Түсірілім аяқталған соң, тапқан табысымызды 50 мың доллардан бөліп алдық. Бірақ мен үшін кино түсірудің басты мақсаты – ақша табу емес. Бұл – жанымның қалауы, ал түсірген фильмдерім балаларым үшін болашақта естелік болып қалады деген ойдамын, – деп қорытындылады Бүркіт.
Айбек Жансейітовтың кинематографиядағы бұл тәжірибесі оның шығармашылық қырын ашып қана қоймай, тыңдармандары мен көрермендеріне жаңа қырынан танылуға мүмкіндік берді. Кино әлеміндегі алғашқы қадамдары сәтсіздікке ұшыраса да, Бүркіт өз ісіне деген адалдығымен және табандылығымен көпшіліктің құрметіне бөленді.
Соңғы жаңалықтар





