Танымал әншіні туған ағасы өлтіріп кетті
2386
Әзербайжанның Лачын қаласында орын алған отбасылық жанжал адам өлімімен аяқталды. Қаза тапқан Сафар Гулиев аймақ жұртшылығына әншілік өнерімен танымал болған.
Ол туған ауылы Финге ағасы Хасай Гулиевпен бірге барып, ара шаруашылығымен айналысуды жоспарлаған. Алайда, жиналған балға байланысты туындаған дау қарулы қақтығысқа ұласқан.
Тергеу мәліметіне сәйкес, Сафар Гулиев аңшы мылтығынан атылған оқтан көз жұмған. Полиция жүргізген жедел іс-шаралар барысында күдікті ретінде оның туған ағасы, 1973 жылы туған Хасай Гулиев ұсталды.
Ресми ақпаратта оқиғаның отбасылық жанжал негізінде болғаны айтылды. Қазір бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасуда.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
23:14
Көкшетауда 4 жасар бала ашық құдыққа құлап көз ...
08.10.2026
22:43
Шымкент тұрғындарының жылуға төлейтін қарызы 82...
08.10.2026
22:33
Пәтерін жалға берген астаналық 4 айдан бері үй...
08.10.2026
22:32
«Елді мақтан ету – басты мақсат»: ҚФФ ұлттық қ...
08.10.2026
22:24
Мұхит Сапарбаев: Шоу-бизнесте арықтатын қытай д...
08.10.2026
21:59
Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұл...