Танымал блогер Айжан Байзақованың күйеуін көлік қағып кетті
367
Қазақстандық танымал блогер Айжан Байзақованың күйеуі Нұрбек Арыстанды көлік қағып кетті. Блогер оқиғаның мән-жайын Instagram парақшасында жазды, деп жазады Politico.kz.
Байзақованың айтуынша, көлік жүргізушісі ұялы телефонына қарап келе жатып, жаяу жүріншілер өтетін тұста адамды байқамаған.
Белгілі болғандай, блогердің күйеуі жол-көлік оқиғасынан қатты жарақат алмаған. Қайта бұл оқиғада көлікке көбірек зақым келген.
«Нұрбекті жаяу жүргіншілер жолағында көлік қағып кетті. Жүргізуші телефонға қарап келе жатқан. Нұрбектен көлікке зақым келген. Жолдасым кішігірім жарақат алыпты. Көлік жүргізушісін кешіре салған. Енді үйге түк болмағандай келіп тұр. Көлік күйеуімді қаққан сияқты еді. Бірақ көлік зақымданған. Бәрі жақсы, шүкір. Бірақ бұл да бір белгі болған шығар. Жаяу жүргіншілер жолағында абай болып, көлік жүргізгенде телефонға үңілмеңіздер. Нұрбек пен жүргізушінің жолы болды. Десе де екеуіне де үлкен сабақ болды», - деп жазды Айжан Байзақова.Фото: Instagram/bayzakova
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
23:14
Көкшетауда 4 жасар бала ашық құдыққа құлап көз ...
08.10.2026
22:43
Шымкент тұрғындарының жылуға төлейтін қарызы 82...
08.10.2026
22:33
Пәтерін жалға берген астаналық 4 айдан бері үй...
08.10.2026
22:32
«Елді мақтан ету – басты мақсат»: ҚФФ ұлттық қ...
08.10.2026
22:24
Мұхит Сапарбаев: Шоу-бизнесте арықтатын қытай д...
08.10.2026
21:59
Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұл...