Танымал блогер қалыңмалы 6 млн теңге болғанын айтып, мақтанды
399
Әлеуметтік желіде Қытаймен сауда-саттық жүргізуді үйрететін блогер Гүлзат Әзімжан өзіне берілген қалыңмал туралы айтты, деп хабарлайды politico.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
Өз сөзінде блогер әр өңірдегі қалыңмал мөлшерін тілге тиек етіп өтті.
«Менің қалыңмалым қазіргі ақшамен 6 млн теңге болды. Ойлаңыздаршы, қызды 6 млн теңгеге алу деген Қазақстанда мүмкін емес. Ал бізде мүмкін. Ол енді Қытайдағы қазақтардың қалыңмалы. Қазіргі кезде қыздардың қалыңмалы әр жерде әртүрлі. Мысалы Алматыда 500 мың, 1 млн, 1,5 млн теңгенің аралығында. Шымкентті айтпай-ақ қояйын, біраз жақсы енді, бізге жақындап қалады. Олар салт-дәстүрде де бізге келеді. Ал батыс жақты айтпай-ақ қояйын. Олар тіпті тегін береді. Екі жас бақытты болсын, болды деп. Ол қалай? Білмеймін енді, сонша қызыңды бағып, қалыңмалсыз қалай жібересің? Әй, ол қалыңмал деген қызыңды сату емес. Мысалы, мен 6 млн теңге болдым десем, сені сатыпты ғой дейді. Ол сатқанға келмейді. Әй, сен анаңның сүтін ақтамайсың ба!?» - дейді блогер.Ол қалыңмал қазақтың салт-дәстүрінің бірі екенін айтты.
«Қалыңмал деген қыз сату деген сөз емес. Ешқашан олай ойламаңыз. Қалыңмал алса, ол дұрыс. Ол қазақтың салт-дәстүрінен келе жатқан үрдіс», - деді Гүлзат Әзімжан.Оның бұл пікірі желі қолданушыларының ашуын келтірді.
«Біртүрлі екен», «Ақымақтың әңгімесі, теңін тапса, тегін бер», «Батысқа тиіспей жөніңе отыр, батыс ешкімнен ақылын қыстырмайды», «Мамаңның ақ сүтін қалыңмалмен ақтайсың ба не? Екі жастың бақытты отбасы болып жақсы тұрып кетуі, вот сол – ананың ақ сүтін ақтау. Батыста дұрыс істейді», - деп жазды желі қолданушылары.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.10.2026
09:03
Достық көшесін Ленин деген блогерге сот үкімі ш...
09.10.2026
08:55
Алматыда Сәтбаев университетінің проректоры жем...
08.10.2026
23:14
Көкшетауда 4 жасар бала ашық құдыққа құлап көз ...
08.10.2026
22:43
Шымкент тұрғындарының жылуға төлейтін қарызы 82...
08.10.2026
22:33
Пәтерін жалға берген астаналық 4 айдан бері үй...
08.10.2026
22:32
«Елді мақтан ету – басты мақсат»: ҚФФ ұлттық қ...