Танымал блогер Сабина Мовлаеваның тағы бір видеосы тарады

Танымал блогер әрі актриса Сабина Мовлаева жуырда Канн фестиваліне қатысу үшін Еуропаға сапар шекті. Шара барысында шетелдікпен ағылшын тілінде сөйлескен сәтін жеке парақшасына жариялап, ол видео ары қарай тарап кетті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Алайда оқырмандар блогердің ағылшын тіліндегі сөйлеу мәнері мен акцентін түсінбей, сынға алды. Кейбір пікірлерде оның не айтқысы келгені мүлде түсініксіз болғаны да айтылған.
Сабина Мовлаева фестивальге өзінің еңбегімен шақырылғанын ерекше атап өтіп, бұл жетістігін мақтанышпен жеткізді. Алайда, бұл мәлімдемесі де желі қолданушылары тарапынан күмәнмен қабылданып, түрлі сыни пікірлер туды.
“Осы да мақтана береді”, “Не айтқанын өзі түсінді ма?”, “Ешкім түсінбейді деп ұрып жатыр ғой”, “Канн фестиваліне баратындай не істепті?” – деп жазды желідегі пікір қалдырушылар.
Сабина Мовлаева әзірге бұл пікірлерге ресми жауап берген жоқ.
Соңғы жаңалықтар





