Танымал блогерге халықаралық іздеу салынды

Блогер Гусейн Гасанов сырттай қамауға алынды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Іnformburo-ның мәліметінше, ресейлік миллионер блогер Гусейн Хасанов ақшаны жылыстатты деп айыпталып, іздеу жарияланды.
Ресей Федерациясының тергеу комитеті қылмыстық іс қозғады. Блогердің ісін Мәскеу қаласы бойынша Бас тергеу басқармасының тергеу органдары тергеп жатыр.
Тергеу мәліметтері бойынша, 2019-2021 жылдары Гасанов 170 миллион рубльден астам салық төлеуден жалтарған. Mash деректеріне сүйенсек, өзін «табыстың» жақтаушысы ретінде көрсететін Гасановқа қатысты іс 2025 жылдың 23 сәуірінде Чертанов сотына түскен. Сот материалды қарап, оған сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын бекіткен. Қазір ол іздеуге берілді.
Блогердің өзі әлеуметтік желіде бұл жағдай аса қауіпті емес екендігін айтты. Оның сөзінше, салыққа қатысты барлық мәселелер былтыр шешілген. Блогер заңгерлерлің бұл іс бойынша жұмыс істеп жатқанын, жағдайға нүкте қойылатынын айтты.
Соңғы жаңалықтар





