Танымал эстрада жұлдызын автокөлік қағып кетті

Танымал эстрада жұлдызын автокөлік қағып кетті
08.08.2025 12:41
0
404
ашық дереккөз

Журналист Божена Рынска өзінің Telegram-арнасында белгілі әзілкеш, эстрада жұлдызы Максим Галкинді (Ресейде шетелдік агент ретінде танылған) автокөлік қағып кеткенін хабарлады.

Журналистің айтуынша, оқиға үш күн бұрын Латвияның Юрмала қаласында орын алған. Галкин велосипедпен жүріп келе жатқанда, жол ережесін сақтап, басына қауіпсіздік дулығасын киіп жүрген. Апат салдарынан өнерпаз қолынан жарақат алған.

«Көлік қосалқы жолдан негізгі жолға шығып, Максимді қағып өтті. Ескі “Фольксваген” тізгіндеген әйел тіпті тежеместен соқты. Машинаның әйнегі ескі үлгідегі болғандықтан, қолын тіліп жіберді — артериясы мен сіңірлері зақымданды», — деп мәлімдеді Рынска.

Белгілі болғандай, Украинадағы арнайы әскери операция басталғаннан кейін Максим Галкин жұбайы Алла Пугачёва және балаларымен бірге Ресейден кеткен. 2022 жылдың ақпанынан бастап әзілкеш шетелде концерттер өткізіп, кейін Израильге қоныс аударған.

2022 жылғы 16 қыркүйекте Ресейдің Әділет министрлігі Галкиндi шетелдік агенттер тізіміне енгізді. Ведомство бұл шешімді шоуменнің Киевтен қаржыландыру алып, «саяси қызметпен айналысқаны» арқылы түсіндірді. Ал Галкин өз кезегінде өзін шетелдік агент ретінде мойындамайтынын мәлімдеді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий