Танымал этнограф Болат Бопай өмірден озды

Отандық танымал жазушы-этнограф, астролог, көрнекті ғалым Болат Бопай өмірден озды. Қаралы хабарды журналист Біләл Қуаныш Instagram желісіндегі парақшасында жеткізді, деп мәлімдейді POLITICO.KZ.
"Қазақ Болат Бопайынан айырылды… Қайран ағам-ай!", - деп жазды Біләл Қуаныш желі парақшасында.
Журналист көп ұзамай марқұм этнографқа қатысты жылы естеліктерін ортаға салды.
Болат Бопайұлы кейінгі отыз жылда Қазақтың этнографиялық тақырбын терең қаузап 30-дан астам кітап жазды. "Қазақ кəдесі", "Қазақ мінезі", "Қазақ таныған гүлдер ", "Қазақ аспан есебі"," Қазақ түс жоруы", "Қазақ наурызнамасы", "Салт-дəстүр сөйлейді", "Бастаудан бахиға дейін", "Қазақтың алғыстары мен қарғыстары", "Ақыт ақиқаты", "Жазу шеберлігі" ," Шетелдегі қазақ тұлғалары", " Сөз саралау өнері", " Əлдиден эфосқа дейін", "Қазақтың өлшем-мөлшер сөздері", "Қазақ жоқтау жырлары", т.б.
Соңғы жаңалықтар





