Танымал тележүргізуші сүйіктісімен ажырасып кетті ме?

Танымал тележүргізуші сүйіктісімен ажырасып кетті ме?
03.10.2025 10:57
0
164
ашық дереккөз

Қазақ шоу-бизнесіндегі ең көп талқыланатын жұптардың бірі – Диана Скатова мен Сұлтан Нұрбек туралы соңғы жаңалықтар әлеуметтік желілерде үлкен қызығушылық туғызды.

Көпшілік олардың қарым-қатынасы тоқтады деген сыбысты талқылап, түрлі болжамдар айтып жатыр. Желі қолданушыларының назарын аударған негізгі жайт – олардың бір-бірін әлеуметтік желілерден өшіріп, бұрынғы ортақ суреттерін жаппай жойып тастауы. Бұл әрекет олардың арасына сызат түскенін аңғартқандай әсер қалдырды.

Жанкүйерлердің бір бөлігі арадағы түсініспеушілікке қытайлық қатысушы Чжан Хаоан себеп болуы мүмкін деген ойда. Өйткені ол шоу күнделіктерінде Диананы «қытай қыздарына ұқсайды» деп ерекше атап өткен. Бұл сөз қызғаныш тудырып, қарым-қатынастың суытуына түрткі болды деген пікірлер айтылуда. Сонымен қатар, Сұлтан Нұрбектің біраз уақыттан бері АҚШ-та тұруы қашықтық факторын да алға тарттырды. Әзірге Диана Скатова бұл мәселеге байланысты ресми пікір білдірмей отыр.

Желі қолданушылары арасында түрлі әңгімелер тарап, пікірталас күшейіп келеді. Қалай болғанда да, жұртшылық үшін басты сұрақ – шоу-бизнестегі ең жарқын жұптардың бірі саналатын Диана мен Сұлтан шынымен де қарым-қатынасын үзді ме, әлде бұл жай ғана алып-қашпа әңгіме ме – әлі де ашық күйінде қалып отыр.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий