Танымал тележүргізуші Юрий Николаев дүниеден өтті

05.11.2025 05:55 Арман Ермеков
Танымал тележүргізуші Юрий Николаев дүниеден өтті
1326
Фото: ашық дереккөз

Ресейде танымал тележүргізуші, «Таңғы жұлдыз» бағдарламасының жүргізушісі Юрий Николаев 76 жасында өмірден озды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Ресейдің халық әртісі үйінде өзін жайсыз сезінген. Оқиға орнына шақыртылған дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмаған.

Юрий Николаев телевизиядағы еңбек жолын 1974 жылы басталған «Таңғы пошта» (Утренняя почта) музыкалық бағдарламасының жүргізушісі ретінде бастаған.

Кейіннен ол «Большая перемена» және «Танцы со звездами» (Жұлдыздармен билеу) шоуларының тізгінін ұстап, «Достояние Республики» бағдарламасын басқарды.

Дегенмен, Юрий Николаевқа ең үлкен атақ пен даңқты 1991 жылы қолға алған «Таңғы жұлдыз» (Утренняя звезда) бағдарламасы әкелді. Дәл осы жоба қазіргі таңда танымал орындаушылар саналатын Сергей Лазарев, Ани Лорак, Валерия және Пелагея сияқты өнер иелерінің үлкен сахнаға шығуына жолдама берген болатын.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий