Танымал тележурналист Назгүл мен Құндызды қамқорлығына алуға ниетті

Танымал тележурналист Назгүл мен Құндызды қамқорлығына алуға ниетті
22.03.2025 13:19
0
1032
ашық дереккөз

Журналист Руслан Өтепбай Назгүл мен Құндыздың жағдайын білу үшін арнайы Таразға барды. Оның жанында психотерапевт Санжар Тұрсыметов та бар, деп хабарлады  POLITICO.KZ MADENIPORTAL.KZ сайтына сілтеме жасап.

Оларды қыздардың заңды қамқоршысы Зульфия Төленова қарсы алды. Руслан Өтепбай қыздардың азып кеткенін айтты. Алайда Зульфия Төленова осы сөзден кейін халықтың шулап кеткенін, өзіне дөрекі сөздер айтқанын жеткізді. Әрі  ол қыздарды Сариев Илиясқа беруге ниет білдірген. Алайда Ілияс ат тонын ала қашыпты.

"Егер қыздарға менің қарағаным ұнамаса деп, қарайтын жақсы адамға бергім келді. Бірақ ол “алмаймын” деді. Мен қыздар үшін халық алдында жауап беремін ғой”, - деді қыздардың қамқоршысы.

Руслан Өтепбай Ілиястың шаруасы шаш етектен екенін айтып, өзі қыздарды қарауға  қарсылығы жоғын айтты.

“Мен қыздарды алуға дайынмын. Осы есіңізде болсын. Ілиясқа беремін дегеніңізден сізді шаршаған шығар деп ойладым. Әлбетте Ілиястың жасаған жақсылығы көп. Бірақ қарау керек болса қиналмай қараймын”, - деді журналист.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий