Таразда балабақша тәрбиешісі баланы ұрып басын жарды
546
Таразда балабақша қызметкері тәрбиеленушілерге қол көтерген. Полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бұл жолы оқиға Тараздағы мектепке дейінгі мекемелердің бірінде болған. Әйел көк пакетті сермеп, баланың басынан ұрған. Сол соққыдан баланың бас терісі жырылып кеткен.
Жамбыл облысы полиция департаментінің мәліметінше, тәрбиеленушіге дене жарақатын салғаны үшін Қылмыстық кодекстің 140-бабы - «Кәмелетке толмағанды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша іс қозғалды.
«Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалды, куәгерлерден жауап алынып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеудің барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында», деп хабарлады ведомство.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
23:14
Көкшетауда 4 жасар бала ашық құдыққа құлап көз ...
08.10.2026
22:43
Шымкент тұрғындарының жылуға төлейтін қарызы 82...
08.10.2026
22:33
Пәтерін жалға берген астаналық 4 айдан бері үй...
08.10.2026
22:32
«Елді мақтан ету – басты мақсат»: ҚФФ ұлттық қ...
08.10.2026
22:24
Мұхит Сапарбаев: Шоу-бизнесте арықтатын қытай д...
08.10.2026
21:59
Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұл...