"Таразда балға ұстаған маньяк жүр" дегенге рас па?
420
Жамбыл облысында әлеуметтік желілерде "Таразда балға ұстаған маньяк кезіп жүр" деген ақпарат тарады. Ішкі істер министрлігі бұл ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Белгілі болғандай, 1 сәуірде қалалық саябақ маңынан басы жаншылған ер адамның мәйіті табылды. Осы жағдайдан соң мессенджерлерде қорқынышты хабарлама тарай бастаған.
Әлеуметтік желіде "Таразда балға ұстаған маньяк жүр, құрбан болғандар бар" деген ақпарат тарап жатыр. Жамбыл облыстық полиция департаменті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Облыс орталығындағы шағын аудандардың бірінен ер адамның мәйітінің табылуына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр, – делінген ІІМ мәлімдемесінде.
Департамент қазір күдіктіні анықтау және ұстау үшін қажетті тергеу-жедел іздестіру шараларыны толық жүргізіліп жатқанын айтты. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...
08.10.2026
18:42
Непалда жоғалған екі қазақстандық әлі табылмады...
08.10.2026
18:28
Астанада алаяқ футболшыларды Испанияға апарамын...