Таразда су арнасынан жаңа туған сәбидің денесі табылды
Тараз қаласының шетіндегі арықтардың бірінен жаңа туған нәрестенің денесі табылды, деп хабарлайды Politico.kz сайты “КТК” телеарнасына сілтемемен.
Қайғылы жағдайға байланысты полиция қылмыстық істі тергеп, сәбидің анасын іздестіріп жатыр.
Оқиға қаланың шетіндегі шағынаудандардың бірінде болған. Арық маңында ойнап жүрген балалар судағы затты байқап, бастапқыда оны қуыршақ деп ойлаған. Алайда жақындап қараған кезде оның жаңа туған нәрестенің денесі екені анықталған.
Сәбидің кіндігі кесілмеген күйде болған. Қазір полиция баланың өліміне қатысты барлық мән-жайды анықтап жатыр.
«Полиция қызметкерлері анасының жеке басын анықтау үшін қажетті жедел-іздестіру шараларының барлығын жүргізіп жатыр», – деді Жамбыл облысы полиция департаментінің ресми өкілі Гүлсара Мұхтаркүлова.
Қазіргі уақытта оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Құқық қорғау органдары нәрестенің өлімінің себептері мен оған қатысты өзге де мән-жайларды анықтап, анасының кім екенін анықтауға кірісті.
Соңғы жаңалықтар