Таразда темекіге таласқан оқушы қатарласын пышақтап тастады
Темекі үшін тоғыз жыл арқалады. Таразда қатарласын пышақтап өлтірген мектеп оқушысы сотталды. Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оған 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесті, деп хабарлайды POLITICO.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.
Қанды қылмыс 1 қыркүйек күні Тараздағы мөлтекауданда болған. Сот материалдарына сәйкес, екі оқушы электронды темекіге таласып жанжалдасқан. Сол сәтте күдікті қалтасынан пышақ шығарып, екінші баланың кеуде тұсынан ұрып жіберген. Қатты жарақат алып құлап түскен оқушы қаза болды. Ал айыпталушы қылмыс істеген жерден қашып кеткен. Тергеу кезінде ол өз кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінетінін жеткізді. Сот оның кәмелетке толмағанын ескеріп, тоғыз жылға жаза кесті.
— ҚР ҚК 99-бабы, 2-бөлігі, 9-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот материалдық шығын өтемі ретінде сотталушының заңды өкілінен 8 млн теңге өндірді. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ, – деді Жамбыл облыстық сотының өкілі Сымбат Жұлдызбай.
Соңғы жаңалықтар