Таразда жолаушы автобус жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасады
Тараз қаласында жолаушы қоғамдық көлік жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасады. Оқиға 9 наурыз күні кешкі сағат 20:00 шамасында №11 бағыттағы қалалық автобуста болған, деп хабарлайдыP Politico.kz.
Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, мас күйдегі жолаушы автобус жүргізушісінен маршрутты жалғастыруды талап еткен. Алайда рейс уақыты аяқталғандықтан жүргізуші одан бас тартқан.
Осыдан кейін екеуінің арасында жанжал туындап, төбелес кезінде жолаушы жүргізушіні пышақпен жарақаттаған.
Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
«Жүргізуші ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», — деп хабарлады полиция.
Зардап шеккен жүргізуші қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта оның денсаулық жағдайы туралы нақты ақпарат жарияланған жоқ.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
22.10.2026
14:18
Дариға Бадықова күйеуімен бірге Катардағы бал а...
22.10.2026
13:54
Тоқаев Назарбаев енгізген шенеуніктерді бағалау...
22.10.2026
13:15
Арман Дүйсеновтің ұлының өліміне қатысты тергеу...
22.10.2026
13:09
Ақтауда танымал блогер қамауға алынды (ВИДЕО)
22.10.2026
12:40
«Үй алатындарға шұғыл жаңалық»:«Отбасы банк» ип...
22.10.2026
12:35
Сәтбаевта «Қазақмыс» жұмыскерлеріне арналған жа...