Таразы басы теңселмеді: Ернар Жиенбайдың апелляциясының шешімі шықты
823
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәсіпкер Ернар Жиенбайға қатысты апелляциялық шағым қаралды. Сот алқасы алғашқы инстанцияның шешімін өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды POLITICO.KZ сайты.
«2025 жылдың 20 тамызында шыққан үкім өзгеріссіз қалдырылсын», - деді судья сот шешімін жариялау кезінде, тараптардың шағымдарын қанағаттандырудан бас тартып.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ернар Жиенбайдың қорғаушылары сот үкімін жоюды және айыптауды жеңілірек бапқа Қылмыстық кодекстің 106-бабы 1-бөлігі («Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру») бойынша қайта саралауды сұраған болатын. Олар айыпталушының кінәсін ішінара мойындағанын атап өтті.
«Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-нің директоры Ернар Жиенбай бұған дейін 9 жылға бас бостандығынан айырылған еді.
Осылайша, апелляциялық сот Ернар Жиенбайға қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырып, алғашқы сот шешімінің заңды күшін растады.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
23:14
Көкшетауда 4 жасар бала ашық құдыққа құлап көз ...
08.10.2026
22:43
Шымкент тұрғындарының жылуға төлейтін қарызы 82...
08.10.2026
22:33
Пәтерін жалға берген астаналық 4 айдан бері үй...
08.10.2026
22:32
«Елді мақтан ету – басты мақсат»: ҚФФ ұлттық қ...
08.10.2026
22:24
Мұхит Сапарбаев: Шоу-бизнесте арықтатын қытай д...
08.10.2026
21:59
Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұл...