"Ұрып-соққан, тамақ бермеген". Тәрбиеші 24 сәбиді азаптады деген күдікке ілінді

Лондонда 22 жастағы балабақша қызметкері Роксана Лека 24 сәбиге зорлық көрсеткен деген айыппен тергеуге алынды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Ол 1,5 пен 2 жас аралығындағы балаларға жүйелі түрде қатыгездік танытқан деп күдіктелуде.
Тергеу мәліметіне сәйкес, 2024 жылдың қаңтарынан маусымына дейін Роксана Лека балаларды шымши берген, шаштарын тартқан және ұрып-соққан. Нәтижесінде сәбилердің денесінде көгерген іздер мен тырналған жарақаттар пайда болған. Кейбір оқиғалар бейнебақылау камераларына жазылып қалған.
Бейнеайғақтардың болуына қарамастан, Лека өз кінәсін мойындамай, барлық күтім ережелерін сақтағанын алға тартты. Дегенмен, сот процесі барысында ол 24 оқиғаның екеуіне қатысты жауапкершілігін ішінара мойындады. Қазіргі уақытта тәрбиешіге қандай жаза қолданылатыны белгісіз.
Соңғы жаңалықтар





