Тарихта алғаш рет екі парламент депутаты некелесті

06.08.2025 13:12 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
Тарихта алғаш рет екі парламент депутаты некелесті
0
363
ашық дереккөз

Ислам Республикасы Иранының парламент тарихында алғаш рет екі депутат ресми түрде некеге тұрып, елдің саяси өмірінде жаңа прецедент орнатты. Бұл туралы «Свободный Иран» Telegram-арнасы мәлімдеді.

Хабарламада айтылғандай, портты қала Бендер-Аббас атынан сайланған депутат Фатеме Джараре әріптесі, Ширван қаласының өкілі Аббас Гудратиге тұрмысқа шыққан.

Haft Sobh басылымының мәліметінше, Аббас Гудрати парламентке сайланарға дейін тұрақты жұмыс орны болмаған.

12-ші шақырылымдағы Мәжіліске енген бұл депутаттық жұп Иран тарихында алғаш рет саяси қызмет пен отбасылық өмірді үйлестіре алған алғашқы ресми ерлі-зайыпты ретінде тіркеліп отыр. Олардың некеге отыруы парламенттегі әріптестері мен бұқаралық ақпарат құралдары арасында үлкен қызығушылық пен талқылауға себеп болды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий