Тарихтың көмескі беттері: Тоқаевтың 1987 жылғы сирек суреті

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бейжіңде түсірілген ескі фотосуреті табылды
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұрын жарияланбаған ескі фотосуреті табылды. Бұл сурет тарих қойнауынан сыр шертіп, оның дипломатиялық қызметінің бастапқы кезеңдерінен хабар береді.
Суретте 1987 жылы Бейжіңде Касым-Жомарт Тоқаев КСРО-ның ҚХР-дағы сол кездегі елшісі Олег Трояновскиймен бірге ауруханада Қытай Коммунистік партиясының ардагері, ықпалды тұлғаларының бірі – Чэнь Юньге барған сәті бейнеленген. Айта кетейік, Чэнь Юнь XX ғасырдың 80-90 жылдарында айтарлықтай билікке ие болған Қытай Компартиясының сегіз ақсақал басшысын қамтитын «сегіз мәңгілік» тобының бірі болған.
1987 жылы Бейжіңде КСРО елшісі О.Трояновский өмірінің соңғы жылдарында реформашыл Дэн Сяопиннің басты оппонентіне айналған Қытай Коммунистік партиясының ардагері Чэнь Юньнің денсаулығын сұрап, халін білуге барған еді. Реформаларға шақырып, «Мысықтың түсі қандай болса да бәрібір, ең бастысы тышқан ұстаса болды» деген атақты сөзді айтқан Дэн Сяопинге жауап ретінде Чэнь Юнь: «Сайрақ торда ғана жақсы сайрайды» деген қанатты сөзбен жауап қайтарған. Бұл оның қоғамды либералдандырудың әлеуетті қаупі мен Батыс құндылықтарының зиянды ықпалына қатысты айтқан ескертуі болатын.
Соңғы жаңалықтар




