«Таза Қазақстан» акциясына 1 миллионнан астам адам қатысты
365
Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының үшінші аптасы аяқталды.
Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, «Жасыл аймақ» апталығы аясында бүкіл ел бойынша 330 мыңнан астам көшет отырғызылып, 500-ден астам саябақ мен алаң абаттандырылды.
Астанада Мемлекет басшысы волонтерлер, жастар ұйымдарының көшбасшылары, креативті индустрия және ғылыми зиялы қауым өкілдерімен бірге ағаш отырғызды. «Таза Қазақстан» акциясы аясында 8-27 сәуір аралығында аймақтарда 5 мыңнан астам іс-шара өткізіліп, оған 1 млн-нан астам адам қатысты.
29 сәуір мен 4 мамыр аралығында қарттар үйі, ардагерлер, жұмыс барысында қаза тапқан құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы тұратын үйлер аумағын абаттандыруға бағытталған «Өнегелі ұрпақ» тақырыптық апталығы жоспарланып отыр.
Іс-шаралар Жамбыл облысында 29 сәуірге, Алматыда 30 сәуірге, Ақтөбе облысында 1 мамырға, Шымкентте 2 мамырға, Қостанай облысында 3 мамырға, Түркістан облысында және басқа өңірлерде 4 мамырға жоспарланған. Жастар ресурстық орталықтары, ұйымдар, волонтерлік қоғамдастықтар акция шеңберінде өткізілетін барлық іс-шараға белсенді қатысады. Соңғы жаңалықтар
24.08.2026
18:40
Асылбек Боранбаевтың жұбайы: Ұйғыр болсам да, ө...
24.08.2026
18:24
Боранбаевтың жұбайы: Қыздарым "әкем сияқты жігі...
24.08.2026
17:39
Шығыс Қазақстанда аю адамға шабуыл жасады
24.08.2026
17:38
Тоқаев шет ел басшылары мен халықаралық ұйымдар...
24.08.2026
17:11
Қазақстан спортшылары әлемдік рейтингте жоғары ...
24.08.2026
17:11
"12 жерінен пышақтап, 32 метр сүйреген": Абай о...