"Тегін тамақ үшін": Ақмола облысында ер адам 2 жылға сотталды

25.09.2025 23:04
0
102
Фото: polisia.kz

Ақмола облысының Аршалы аудандық соты терроризм актісі жайлы жалған ақпарат таратқан ер адамға үкім шығарды. Ол екі жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Іс материалдарына сәйкес, 2025 жылдың тамызында мал бағумен айналысқан ер адам «112» қызметіне қоңырау шалып, Астанадағы автовокзалға бомба қойылғанын хабарлаған. Оқиға орнына арнайы қызмет өкілдері жеткенімен, ақпарат жалған болып шықты.

Тергеу барысында оның 2019 және 2023 жылдары да дәл осындай әрекеті үшін сотталғаны анықталды. Сотта айыпталушы қылмысын мойындап, мұндай қадамға тұрақты баспанасы болмағандықтан барғанын түсіндірді. Оның айтуынша, түрмеде тегін тамақ, киім және жатын орын бар болғандықтан, қасақана жалған хабарлаған.

Сот оның бұрын да бірнеше рет қайталаған әрекетін ескеріп, ең қатал шара қолдануды жөн көрді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий