«Телефон арқылы талақ айтты»: Жұртты ажыраспауға шақырып жүрген атышулы дінтанушы үшінші әйеліне талақ айтқан
Желіде дін мен отбасы құндылығын насихаттап жүрген белгілі дінтанушының жеке өміріне қатысты ақпарат тарады. Бірнеше дереккөздің хабарлауынша, ол өзінің үшінші жарына онлайн түрде талақ берген. Бұл жайт көпшіліктің наразылығын туғызып, әлеуметтік желілерде кең талқыға түсті, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Көпшілік арасында «отбасын сақтау» мен «ажырасудың зияны» туралы жиі үгіт-насихат жүргізетін дінтанушының әрекеті жұрт тарапынан екіжақты пікірге себеп болды. Кей қолданушылар мұны «қос өлшемді ұстаным» деп сынға алып, дінді жеке мүдде үшін пайдалануға болмайтынын жазып жатыр.
Сонымен қатар қоғам белсенділері мен сарапшылар дін атын жамылып, шариғат қағидаларын бұрмалап жүрген кей азаматтарға назар аудару қажет екенін айтты.
«Мен онымен адам сияқты қоштасқым келді. Яғни бетпе-бет отырып, рахметімді айтып, сау бол айтқым келген. Бірақ ол телефон арқылы талақ айтып, екеуміз екі жаққа кеттік. Маған мұндай қарым-қатынас ұнамайды», — дейді келіншек.
Олардың пікірінше, мұндай жағдайлар дін мен рухани құндылықтардың беделіне нұқсан келтіреді.
Айта кетсек, дінтанушы бұған дейін де түрлі діни тақырыптарда пікір білдіріп, отбасылық құндылықты сақтау жөнінде жиі насихат жүргізіп келген. Алайда оның жеке өміріне қатысты тараған бұл дерек қоғамда үлкен резонанс тудырды.
Соңғы жаңалықтар