Темір ауданына жаңа әкім тағайындалды

Темір ауданына жаңа әкім тағайындалды
17.12.2024 15:36
0
72
Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің суреті
Темір ауданының жаңа басшысы қызметке кірісті

Темір ауданына жаңа әкім тағайындалды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Қазақстан Президентінің Әкімшілігімен және Темір аудандық мәслихаты депутаттарының келісімімен Алмас Жақсылықов Темір ауданының әкімі қызметіне бекітілді.

Алмас Жақсылықұлы Жақсылықов 1978 жылы дүниеге келген. 1999 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Еңбек ресурстарын басқару бойынша экономист» мамандығы бойынша, 2019 жылы «Қайнар» академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2000 жылы Алматы филиалының «Көмірбанк» АҚ қауіпсіздік қызметінің қызметкері ретінде бастаған. Әр жылдары Ақтөбе облысының көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасында, Темір аудандық құрылыс бөлімінде жетекші маман болып жұмыс істеді. Сонымен қатар ол «Тазалық» КМК, «Шұбар-құдық», «Шұбар құдық-жылу» ЖШС-ларында және «CENTRUM KAZAKHSTAN» ЖШС-де директор лауазымын атқарған.

2013 жылдан бастап Темір ауданында әртүрлі басшылық қызметтерде болды: жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың жетекшісі, аудандық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.

2018-2023 жылдар аралығында Хромтау қаласының әкімі және Ақтөбе қаласының «Астана» аудан әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2023 жылдың қазан айынан бері Ақтөбе қаласының «Астана» ауданының әкімі болып қызмет етті. Енді ол Темір ауданының дамуына басшылық етпек.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий