Теміртауда 18 жастағы жігіт көлік ұрлап, жол апатына түсті

Теміртаудың 18 жастағы тұрғыны Астанада көлік ұрлап, ірі жол апатына түсті. Салдарынан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Tengrinews.kz сайтының мәліметінше, оқиға суреттері Threads әлеуметтік желісінде жарияланды. Онда автокөліктің екіге бөлініп қалғаны анық көрінеді.
"Теміртаудың 18 жастағы тұрғыны Changan Deepal S07 автокөлігін заңсыз иеленген. Ол қала ішінде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, айналасындағыларға қауіп төндірген. Нәтижесінде үш адам зардап шеккен жол апаты болды. Олардың барлығы ауруханаға жеткізілді. Көлік ұрлаған адам жарақат алмаған", – деді Полиция департаменті өкілдері.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
Зардап шеккендердің жағдайы әзірге белгісіз.
Соңғы жаңалықтар





