Теміртауда жасөспірімдер зейнеткерді аяусыз соққыға жығып, видеоға түсіріп алған

31.03.2025 14:07 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
Теміртауда жасөспірімдер зейнеткерді аяусыз соққыға жығып, видеоға түсіріп алған
0
846
видеодан алынған кадр

Теміртауда бірнеше жасөспірім 67 жастағы зейнеткерді алдап, оның пәтеріне кіріп, аяусыз соққыға жыққан. Олар бұл қатыгез әрекеттерін видеоға түсірген,деп хабарлайды POLITICO.KZ ​​​​​​.

Белгілі болғандай, шабуыл жасағандар – жастар, олардың арасында кәмелетке толмағандар да бар. Теміртауда жасөспірімдер тобы 67 жастағы науқас зейнеткердің пәтеріне электр қызметкері ретінде алдап кіріп, кейін оған қорлық көрсеткен. Олар қарт адамның бетін аяқпен теуіп, түкіріп, балағаттаған, – делінген жазба сипаттамасында.

Қарағанды облысының Полиция департаменті Теміртау қаласының 67 жастағы тұрғынына шабуыл жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Бұл жағдай учаскелік инспекторлардың алдын алу жұмыстары барысында анықталды. Барлық кінәлілер, оның ішінде кәмелетке толмағандар да ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп хабарлады облыстық Полиция департаменті..

Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері жауапкершілікке тартылады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий