Тендерлік жүйедегі былық: заңгер президенттен көмек сұрайды

Тендерлік жүйедегі былық: заңгер президенттен көмек сұрайды
02.08.2025 17:24
0
43
видеодан алынған кадр

Мемлекеттік сатып алулар – бюджеттік қаражатты тиімді жұмсаудың негізгі тетігі. Әйтсе де, қазіргі Қазақстанда тендерлік жүйеде орын алған сыбайлас жемқорлық әрекеттері қоғам көзін ашықтықтан алыстатып, мемлекеттік сатып шығарудың маңызын төмендетуде.

Ақпаратқа сүйенсек, жеке электрондық алаңдар арқылы тендерлік процестердің әділдігі және ашықтығы бұзылып жатыр. Осы орайда заңгер Бибек Қаныбекұлы Жүнісов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мемлекет басшысына тендердегі былықтың бетін ашып, үндеу жасады.

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Мен, Жүнісов Бибек Қаныбекұлы, тендер саласы бойынша сарапшы ретінде Сізге елдегі мемлекеттік сатып алулар мен Қаржы министрлігіне қатысты орын алып жатқан заңсыздықтар мен сыбайлас жемқорлық мәселелері жөнінде жүгінгім келеді. Атап айтқанда, мен o.market деп аталатын жеке интернет-платформа туралы айтып өткім келеді. Бұл сайт – мемлекеттік емес, жекеменшік ресурс болып табылады және ол арқылы тауар жеткізуге қатысты тендерлер өткізіледі. Алайда, әрбір тендерден 5% көлемінде комиссия ұсталады. Егер биылғы жылы тендерлерге республикалық бюджеттен 15 триллион теңге бөлінгенін ескерсек, онда ондаған, тіпті жүздеген миллиард теңге көлеңкелі жолмен жеке тұлғалардың қалтасына кетіп жатқанын болжауға болады, - дейді ол.

Оның сөзінше, мәселенің екінші қыры бар, ол – тапсырыс берушілер мен олардың мүдделес компанияларына қатысты. Осы сайт арқылы тапсырыс берушілер өздеріне қарасты компанияларға артықшылық беріп, тендерлерді әділетсіз жолмен ұтып алуда. Көптеген мемлекеттік сатып алулар ашық бәсекелестікке жол берместен, белгілі бір тұлғалардың мүддесіне қызмет етуде.

Құрметті Президент! 2022 жылы Сіз барлық осындай интернет-платформаларды біріктіріп, мемлекеттік сатып алулардың бірыңғай электрондық порталына көшіру туралы нақты тапсырма берген едіңіз. Бұл порталдың артықшылығы – цифрландырылған, ашық және айқын жұмыс істеуінде. Алайда, өкінішке қарай, жекелеген лауазымды тұлғалар бұл тапсырманы орындауға құлықсыздық танытып, жаңа алаңдар құру арқылы өздерінің жемқорлық әрекеттерін жалғастыруда. Сізден осы мәселеге назар аударуыңызды сұраймын. Жемқорлыққа жол ашатын, заңсыз табыс көзіне айналған бұл жеке сайттарды жабу және барлық тендерлерді бірыңғай мемлекеттік платформада өткізу туралы нақты тапсырма беруіңізді сұраймын, - дейді заңгер.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий