Теңіз жағасынан аяқ-қолы байланған бес мәйіт табылды

Теңіз жағасынан аяқ-қолы байланған бес мәйіт табылды
24.06.2025 12:01
0
331
polisia.kz

Испанияның құқық қорғау органдары Балеар аралдарында – Ибица мен Форментера курорттарының маңында – соңғы бір ай ішінде теңізден табылған кемінде бес адамның денесіне қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл оқиғалар туралы Daily Mail басылымы хабарлады.

Анықталғандай, табылған денелердің кейбірінде қол-аяқтың байланып тасталғаны байқалған, бұл – өлімніңізорлық-зомбылық белгілерімен болғанын көрсетеді.

Алғашқы қорқынышты олжа

18 мамырда Форментера аралы маңындағы теңізде алғашқы мәйіт табылды. Қайтыс болған адам құтқару желетінде болған және оны Бельгиядан келген жеке катер экипажы байқап қалған. Оқиға орнына дереу Испанияның Азаматтық гвардиясының патрульдік қайығы жетіп, мәйітті судан алып шыққан. Қайтыс болған адамның қолы мен аяғы байланғаны анықталды.

Қайталанған жағдайлар мен тергеу барысы

Келесі апталарда ұқсас жағдайлар тіркелді. Барлық мәйіттер Балеар теңізінен табылған және әрқайсысы бойынша жеке қылмыстық іс қозғалды. Сарапшылар ДНҚ үлгілері мен саусақ іздерін жинап, жеке тұлғаларды анықтау жұмыстарын жүргізуде.

Алдын ала болжам: заңсыз көші-қонмен байланыс

Тергеудің бастапқы нұсқасына сәйкес, көз жұмғандар – Алжирден Испанияға жетпек болған мигранттар болуы мүмкін. Тергеушілердің пайымынша, қайықта жолаушылар мен контрабандашылар арасында қақтығыс туындап, нәтижесінде кейбір адамдар қол-аяғы байланып, теңізге тасталған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий