«Тентек қыздан тема келіншекпін»: Ерке Есмахан боқтайтынын ашық айтты
Танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандардың сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Ол боқтайтынын, тентентігін жасырмай ашық айтты.
"Менің бүкіл натурамды білетін күйеуім ғана. Боқтамаймын деп қазір сіздерді алдасам ол күлер бетіме. Қыз жігіт болып жүргенде неше түрлісін жасағам еркеліктің. Майысып, оған ұнағым келіп ештеңе істемеппін. Керісінше шынайы Кіші жүздің духы мықты, тентек қызы болдым. За то қазір тема келіншекпін", - деп жазды ол.
Сондай-ақ ол Раймның Ерке туралы айтқан видеосымен бөлісті. Райм қыз жігіт болып жүріп жүргендеріндегі Еркенің жасаған қылығын айтып берген.
"2017 жылдары қыз жігіт болып жүргенде "Қызық премияға" бір сағат қалғанда екеуміз ұрысып қалдық. Мен жарайды енді қыз баласы ғой деп сахнаға шыққанда әнімді Еркеге қарап айтып, соған арнағанымды білдірдім. Бір кезде ол маған қарап тұрып ортаншы саусағын көрсетті. Менің түрім кетіп қалды сол жерде бірден", - деді Райм.
Соңғы жаңалықтар