Тісін емдеткен 4 жастағы бала көз жұмды

Тісін емдеткен 4 жастағы бала көз жұмды
10.07.2025 11:07
0
253
SHOT

Мәскеу маңындағы Одинцово қаласындағы жеке стоматологиялық клиникада ем қабылдаған 4 жастағы бала тіс емінен кейін комаға түсіп, көз жұмды.

Бұл туралы SHOT басылымы хабарлады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, анасы баласын үйден небәрі бес минуттық жерде орналасқан стоматологияға әкелген. Дәрігерлер бүлдіршіннің бірнеше тісін жалпы наркозбен емдеген. Процедура төрт сағатқа созылған.

Ем аяқталғаннан кейін баланы күндізгі стационарға жатқызып, есін жиғанын күткен. Алайда бала көзін ашпай қойған.

Дәрігерлер балада тыныс жолдарының ісінуі басталғанын анықтап, оны шұғыл түрде Рошаль атындағы балалар медицина орталығының жансақтау бөліміне жеткізген. Ауруханаға жеткізілген сәтте-ақ балада ми ісінуі мен жүрек тоқтауы тіркелген.

Өкінішке қарай, дәрігерлер баланың өмірін сақтап қала алмады — жүрегі қайта жұмыс істемей, ол көз жұмды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий