Қ.ТОҚАЕВ ІРІ ДЕРБЕС ҚОРДЫҢ БАСШЫСЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Қасым-Жомарт Тоқаев Qatar Investment Authority компаниясының бас атқарушы директоры Мансур Ибрагим Әл-Махмудты қабылдады. Әлемдегі ірі дербес қордың басшысымен кездесу барысында ортақ инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және қаржы саласындағы ықпалдастық мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы бұл компания мен «Самұрық-Қазына» қоры арасындағы өзара байланыс екі елдің экономикалық серіктестігінің қозғаушы күші бола алатынын атап өтті. Бұдан бөлек, кездесуде «Астана» халықаралық қаржы орталығында қазақ-қатар тікелей инвестициялар қорын құру жайлы айтылды. Президент қатарлық компания басшылығын Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
27.10.2026
14:15
Полиция формасын киген баланың әкесіне неге айы...
27.10.2026
13:57
Атырауда әйелдер дәретханасына сығалаған жігітк...
27.10.2026
13:14
Президент Әкімшілігінде ауыс-түйіс
27.10.2026
12:59
«Нағыз патриот заңға бағынады»: Бектенов кімдер...
27.10.2026
12:44
Зікіршілер жамағатының жетекшісі Исматулла Мақс...
27.10.2026
12:29
Балқаш зауыты шатырын жаңартып, қауіпсіздікке к...