Тоқаев Әлиевті президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады
Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті Әзербайжан Республикасының президенті лауазымына кезектен тыс өткен сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.
Тоқаев Ильхам Әлиевтің әзербайжан халқының игілігі мен дамуы үшін қолға алған барлық жоспарының табысты орындалуына тілектестік білдірді.
Өз кезегінде Әзербайжан президенті құттықтағаны үшін Тоқаевқа алғыс айтып, бауырлас Қазақстанмен арадағы ғасырлар бойы қалыптасқан достық, стратегиялық серіктестік және одақтастық рухындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдете беруге ниетті екенін растады.
Еске сала кетейік, 7 ақпанда Әзербайжанда президент сайлауы өтті. Сайлауда Ильхам Әлиев айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
04.11.2026
12:19
Қарағанды тұрғыны қала әкімін сотқа берді
04.11.2026
11:49
Ауыр жол апатында екі аяғынан айырылған Талғатқ...
04.11.2026
11:18
Бишімбаевтың бұрынғы әйелі тағы да сотқа тартыл...
04.11.2026
11:17
Савельева мен Бекмановтың Қорғаныс министрлігін...
04.11.2026
10:55
Ақын Гүлзада Ниетқалиева өмірден өтті
04.11.2026
10:46
Алматы облысында зооқорғаушы Тепляковтың өлімін...