Тоғызыншы қабаттан құлаған қызға қатысты тың дерек шықты

Алматыда тоғызыншы қабаттан құлап тірі қалған 18 жастағы қыздың жағдайы туралы айтылды.
Кеше Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінде 18 жастағы қыз тоғызыншы қабаттың терезесінен құлап кеткен. Құлағаннан кейін ол тірі қалған және дереу ауруханаға жеткізілген.
Полиция департаментінің мәліметінше, суицид жасауға оқталу фактісі бойынша Жетісу ауданы полиция басқармасында қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы мен мотиві анықталып жатыр. Сонымен қатар қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жарақат алған қыздың қазіргі жағдайына қатысты түсініктеме берді.
«Науқас ауруханаға түскеннен кейін өміріне қауіп төнгендіктен шұғыл хирургиялық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта ол анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде жатыр. Қажетті реанимациялық және шокқа қарсы шаралар толық көлемде жүргізілуде», — деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, қыздың жағдайы әлі де өте ауыр күйінде қалып отыр.
Соңғы жаңалықтар





