"Топас", "екіге оқисың" деп буллингті мұғалімдер бастайды": Танымал мектеп директоры мәлімдеме жасады

20.09.2025 16:19
0
0
әлеуметтік желі

Танымал мектеп директоры, көпке желідегі оқушылармен бірге түскен видеосымен белгілі болған Ақмоншақ Нұртаза ел күтпеген мәлімдеме жасады.

Бұл туралы POLITICO.KZ Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақмоншақ Нұртаза «Атамекен бизнес» телеарнасында өткен бағдарламалардың біріне қатысқан.

«Буллингтің басын мұғалімдер өздері бастайды, ана бала өспей ме? Мына бала неге «2» алды? Сосын балалар бастайды: «ол екіге оқиды, мынау топас» деп», — деді бағдарлама қатысушысы.

Ақмоншақ Нұртаза аталған пікірге қатысты өз ойын ортаға салды.

«Мұғалімдер буллингтті бастайды дегенмен келіспеймін, менің шамыма тиіп жатыр. Иә, мұғалімдер әр түрлі, салыстыратындар болып жатады. Қазір эфирде мұғалімдер буллингті бастайды десек, өзі шаршап, әрең жүрген мұғалімдерді одан сайын басамыз, оларға да оңай емес», — деді танымал мектеп директоры.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий