Тоқаев 2026 жылы Ұлттық құрылтайды Қызылордада өткізуді ұсынды
3588
Тоқаев Ұлттық құрылтайды Қызылордада өткізуді ұсынды
2026 жылы өтетін Ұлттық құрылтай Қызылорда қаласында ұйымдастырылады, деп хабарлайды POLITICO.KZ. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев IV Ұлттық құрылтайда мәлімдеді.
"Соңғы жылдары тарихи ғылымды ұлттық бірегейлікті нығайтудың маңызды факторы ретінде дамытуға ерекше көңіл бөліп келеміз. Биылғы құрылтай Қызылорда қаласына астана мәртебесін беру туралы тарихи шешімнің 100 жылдығы қарсаңында өтуде. Осыған байланысты келесі Ұлттық құрылтайды Қызылордада өткізуді ұсынамын", – деді Мемлекет басшысы.
Президент өткен жылдардағы құрылтайлардың қайда өткенін де еске салды:
- 2022 жыл – Ұлытау облысында;
- 2023 жыл – Түркістан қаласында;
- 2024 жыл – Атырау қаласында өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Ұлттық құрылтай елдің тарихи санасын жаңғыртуға және қоғамның негізгі мәселелерін талқылауға мүмкіндік береді.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...
08.10.2026
18:42
Непалда жоғалған екі қазақстандық әлі табылмады...
08.10.2026
18:28
Астанада алаяқ футболшыларды Испанияға апарамын...