Тоқаев Армения премьері Пашинянды жеңісімен құттықтады
699
Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды «Азаматтық келісім» партиясының парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Politico.kz.
Ақорданың хабарлауынша, көптеген халықаралық байқаушының алдын ала мәліметінше, сайлау елдің қолданыстағы сайлау туралы заңнамасына сай, ашық әрі азаматтардың еркін білдіруіне тиісті жағдай жасала отырып өткен.
Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянның Армения елінің ұзақмерзімді ұлттық мүддесі жолындағы қызметте табысқа жете беруіне тілектестік білдірді.
Президент Қазақстан достас Армениямен барлық салада өзара мүддеге сай белсенді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев армян халқына мемлекеттілікті дамытуда сәттілік, бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.
Айта кетері, Никол Пашинянның «Азаматтық келісім» партиясы 49,83 пайыз дауыс жинады.
Соңғы жаңалықтар
06.09.2026
17:17
Италия премьері Джорджа Мелони Тоқаевқа алғысын...
06.09.2026
16:22
Қазақстандық тревел-блогер Трамптың ұлына шапан...
06.09.2026
15:18
Қазақстан құрамасы көкпардан Қырғызстанға есе ж...
06.09.2026
14:14
Алматыда тұрғын үй кешенінің ауласында көлік ек...
06.09.2026
13:19
Путин Киевке соққы беруді тоқтатты: Мәскеудегі ...
06.09.2026
12:27
Алматыда дүкендегі жанжал төбелеске ұласып, ер ...