Тоқаев әскерге шақыру туралы жарлыққа қол қойды

16.03.2026 16:31 Арман Ермеков
Тоқаев әскерге шақыру туралы жарлыққа қол қойды
67
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру және міндетін өтегендерді запасқа шығару туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Politico.kz.

Құжатқа сәйкес, әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға заңды құқығы жоқ 18 бен 27 жас аралығындағы ер азаматтар әскери борышын өтеуге аттанады. Бұл науқан дәстүрлі түрде екі кезеңмен, яғни биылғы жылдың наурыз – маусым және қыркүйек – желтоқсан айларында жүргізіледі. Жас сарбаздар Қарулы Күштер, Ішкі істер және Төтенше жағдайлар министрліктері, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Мемлекеттік күзет қызметі қатарына қабылданады.

Дәл осы уақыт аралығында белгіленген мерзімді әскери қызметін аяқтаған сарбаздар аталған күштік құрылымдардан запасқа шығарылады.

Президент жергілікті атқарушы органдарға әскери басқару мекемелері арқылы азаматтарды әскерге шақыру жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырды. Ал Үкімет, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Мемлекеттік күзет қызметі бозбалаларды жөнелту мен борышын өтегендерді қайтару шараларын қаржылай әрі материалдық тұрғыдан толық қамтамасыз етуге міндеттелді.

Аталған жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Айта кетейік, сонымет қатар Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік саланы және балалар спортын қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий