Тоқаев әуежайда ерлік көрсеткен Мұса Әбдірайымды медальмен марапаттады

Тоқаев әуежайда ерлік көрсеткен Мұса Әбдірайымды медальмен марапаттады
07.03.2025 18:28
0
201
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының Жарлығымен қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Мұса Сайранбайұлы Әбдірайым «Ерлігі үшін» медалімен наградталды, деп хабарлайды POLITICO.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Айта кетейік, бүгін сағат 11:45 шамасында Алматы әуежайының ішкі рейстер терминалына жолаушы кірген. Авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері одан құжаттарын көрсетуді сұраған. Алайда ол тексеру қызметкерінің шашынан ұстап алып, пышақпен қорқыта бастаған.

Осы кезде оқиға куәгері өзін тұтқын орнына ұсынды. Кейін ол пышақты тартып алып, қылмыскерді залалсыздандырды. Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Айта кетейік, Алматы әуежайында ерлік жасаған адам танымал әнші Бағлан Әбдірайымовтың туысы болып шықты.

Кейінірек полиция ұсталған аталмыш азаматтың бұған дейін автобус ішінде әйелге шабуыл жасағаны үшін сотталғанын растады.

Айта кетейік, Алматы әуежайында ерлік жасаған адам танымал әнші Бағлан Әбдірайымовтың туысы болып шықты.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий